Батыс санкцияларынан кейін Қытайдың мемлекеттік Yanchang Petroleum компаниясы ресейлік мұнайды сатып алуды тоқтатып, шикізатты Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінен ала бастады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Reuters дерегінше, Yanchang Petroleum 2025 жылдың қаңтарында үш миллион баррель мұнай қабылдайды. Оның екі миллионы — Абу-Дабидің Murban маркалы мұнайы, ал тағы бір миллионы — Қазақстан өндірісіндегі CPC Blend. Бұл қадам компанияның ресейлік сорттардан толық бас тартқанын білдіреді.
Yanchang зауыты Қытайдың Шэньси провинциясында орналасқан және тәулігіне 348 мың баррельге дейін мұнай өңдейді. Бұған дейін зауыт ресейлік ESPO және Sokol маркаларын тұрақты түрде алып отырған, ай сайын кемінде бір партия өңдейтін. Алайда батыс санкциялары күшейген соң, Yanchang Қытайдағы Sinopec сияқты алпауыттардың қатарына қосылып, ресейлік мұнайды сатып алуды тоқтатты.
Ақпарат көздері мұндай өзгерістерге АҚШ президенті Дональд Трамптың Иран мен Ресейге жаңа санкциялар енгізу туралы мәлімдемелері де ықпал еткенін айтады. Осы аяда әлемдік нарықта Brent маркалы мұнай бағасы 82 доллардан төмендеген.