homepage
Фото: Ақорда

Қазақстан мен Эстония 517 млн долларлық келісімдерге қол қойды

18.11.2025, 15:07

Астанада өткен Қазақстан–Эстония бизнес форумында екі ел компаниялары жалпы құны 517 миллион доллардан асатын 11 келісімге қол қойды. Форумға Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эстония Президенті Алар Карис қатысты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев форумда сөйлеген сөзінде Қазақстан мен Эстония арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге басымдық берілетінін айтты. Ол көлік логистикасы, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, қаржы және білім беру бағыттарында екі жаққа да тиімді бірлескен жобаларды іске асыруға күш салынатынын атап өтті.

Тоқаев Қазақстанда эстониялық бизнес үшін кең мүмкіндіктер бар екенін айтып, олардың елімізге келіп, жұмыс ауқымын ұлғайтуына жан-жақты қолдау көрсетілетінін нақтылады. Оның айтуынша, цифрлық шешімдер мен жаңа технологиялар саласындағы Эстония тәжірибесі Қазақстан үшін ерекше маңызды.