Kazakh Invest Вьетнамдық VinGroup-тың еншілес компаниясы GSM Алматыда аймақтық өкілдік ашып, электромобильдермен жолаушы тасымалдау қызметін іске қосуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Компания Қазақстанда VinFast электромобилдері арқылы такси қызметін жолға қоюға қызығушылық танытты. Сонымен қатар вьетнамдық тарап зарядтау станцияларының желісін құру, сервистік инфрақұрылымды локализациялау және өндіріс ашу мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Бұдан бөлек, шетелдік инвестор білім, медицина, девелопмент және smart city инфрақұрылымы бағыттарында да жобаларды зерттеу үстінде.
VinGroup – Вьетнамдағы ең ірі корпорациялардың бірі. Ал GSM компаниясы Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі электркөлік платформасына жатады, Xanh SM брендімен 100 мыңға жуық электромобиль пайдаланып, Вьетнам такси нарығының 40 пайызын қамтып отыр.