2025 жылдың екінші жартысында жарияланған «Speedtest Global Index» деректеріне сәйкес, Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте 45-орынға шықты деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Елдегі мобильді интернеттің орташа жүктеу жылдамдығы 94,54 Мбит/с. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан Жапониядан жоғары тұр. Жапонияда жүктеу жылдамдығы 53,54 Мбит/с деңгейінде тіркеліп, ол 64-орында орналасты.
Қала көрсеткіштері бойынша Астана 132,13 Мбит/с жылдамдықпен 62-орында, Алматы 130,72 Мбит/с нәтижесімен 63-орында тұр.
Фиксирленген интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан артта қалып келеді — орташа 82,47 Мбит/с көрсеткішімен 89-орында тіркелген.