homepage
Фото: Ақорда

Қазақстан–Эстония саудасында экспорттық тепе-теңдік айтарлықтай бұзылды

17.11.2025, 15:12

Қазақстанның Эстонияға экспорты айтарлықтай қысқарғаны хабарланды деп жеткізеді Juzmedia.kz 

LS дерегінше, Астанаға Эстония президенті Алар Карис мемлекеттік сапармен келер алдында екі ел арасындағы биылғы тауар айналымы талданған. Қаңтар–қыркүйек 2025 жылы Қазақстан мен Эстония арасындағы сауда көлемі 46 млн долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,2% азайыпты.

Экспорт ең қатты төмендеген көрсеткіш болды. Қазақстаннан шығарылған тауар көлемі 2,5 есеге төмендеп, 48,8 мың тоннаға дейін азайды. Ақшалай мәнде қысқару 1,6 есені құрап, 20,2 млн долларға түскен.

Айтарлықтай құлдыраған санаттар ішінде:
– титан және титаннан жасалған өнімдер – 3,2 есеге төмендеп, 620,9 тонна;
– электр оқшаулағыштар – 155,5 тонна (-25,5%);
– желімделген фанера – 4,2 мың текше м (-2,1 есе);
– қауын экспорты – 15,5% азайып, 190 тонна.

Сонымен бірге бірқатар өнімдер бойынша өсім байқалады.
– жмых экспорты – 22,4 мың тонна (+8,5%);
– шыны (шыныны шынықтыру арқылы алынған) – 229,8 тонна (+11,9%);
– фанераға арналған қаптау парақтары – +8,2%.

Бұдан бөлек, өткен жылы Эстонияға мүлде жіберілмеген жаңа тауарлар да экспорт тізіміне енді:
– зығыр және рапс тұқымдары – 8,9 мың тонна;
– қарақұмық – 695,6 тонна;
– өңделмеген никель – 1,2 мың тонна.

Импорт көрсеткіші керісінше аздап өскен. Физикалық көлемі 4,4% артып, 4,4 мың тоннаға жеткен. Ақшалай мәні 1,7% өсіп, 27,7 млн долларды құрайды.

Қазақстан Эстониядан мыналарды көп көлемде сатып алды:
– шоколад – 165,7 тонна (+1,6 есе);
– дәмдеуіштер – 1,4 тонна (+16,6%);
– балық (лосось, форель, шпрот) – 412,4 тонна (-2,5 есе).

Сонымен қатар елге:
– крафт-қағаз – 239,7 тонна (+4 есе);
– сұйықтық пен газға арналған сүзгілер – 382,8 тонна (+24,4%);
– жүк вагондары – 66 дана (+66 есе) жеткізілді.

Ал бірқатар тауар бойынша импорт көлемі азайған:
– мойынтіректер – 398 тонна (-1,5 есе);
– дәрі-дәрмек – 8,6 тонна (-1,6 есе);
– маршрутизаторлар және коммутациялық жүйелер – 579 дана (-3,9 есе).

Екі ел арасындағы сауда құрылымы биыл елеулі өзгерістерге ұшырап, экспорт айтарлықтай төмендегенімен, импортта белгілі бір өсім байқалып отыр.