homepage
Фото: kazinform

Батыс Қазақстан облысындағы жол апатынан 8 адам қаза тапты

17.11.2025, 16:34

17 Қараша күні Чапай – Жаңақала – Сайқын бағытындағы автодорога трассасында болған жол апатында екі көлік соқтығысып, бір көлік өртеніп, 8 адам сол жерде қаза тапты деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, 17 қараша күні Чапай – Жаңақала – Сайқын  трассасының 50-ші километрінде «Toyota Camry» мен «Volkswagen Sharan» көліктері лобовой соқтығысқан. Соққыдан кейін бір көлік өртенген.
Оқиға орнында 8 адам қаза тауып, тағы 4 адам ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі кезде жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Полиция алдын ала жүргізіліп жатқан тергеуде жол ережелерінің бұзылуы – көліктің қарсы жолаққа шығуы жол апатының себебі болуы мүмкін дейді. Полиция сондай-ақ жол-көлік жағдайы мен ауа райының трассада жақсы болғанын, көріну шатының қалыпты екенін хабарлады.
Жол апаты салдарынан оқиға орнында төтенше қызметтер — полиция, жедел-оперативтік топ және ТЖД бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. 

 Көлік жүргізушілерге жолда аса сақ болуға шақыру жасалды.