ҚМА «Mellstroy» атымен танылған блогер Андрей Буримді халықаралық іздеуге жариялады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
1998 жылы туған Беларусь азаматы Буримге қатысты қамауда ұстау шарасы санкцияланды. Тергеу оның әлеуметтік желілер арқылы Mellstroy.game онлайн-казиносын жарнамалау мақсатында кең көлемді науқан ұйымдастырғанын анықтаған. Жарнама Қазақстан пайдаланушыларына да бағытталды.
Казиноны дамыту үшін блогер түрлі сыйлықтар мен челлендждер жариялап, қатысушыларға TikTok, YouTube Shorts және басқа платформаларда Mellstroy.game атауын, логотиптерін және сайт сілтемесін қолданған роликтер түсіруді ұсынған.
Буримге бұған дейін Ресейде тікелей эфир кезінде адам ұрғаны үшін түзету жұмысымен қатар айыппұл кесілген. Бұдан бөлек, 2025 жылдың қарашасында Минск қаласының соты блогердің барлық арнасы мен логотиптерін экстремистік материал деп таныды.