homepage
Фото: gov.kz

Қазақстанда ЕАЭО елдері арасында инфляция алшақтығы ең жоғары деңгейге жеткені айтылды

17.11.2025, 10:34

Қазақстанда ЕАЭО елдері арасындағы ең жоғары инфляция алшақтығы байқалатыны хабарланды деп жеткізеді Juzmedia.kz.

Еуразиялық экономикалық комиссияның дерегінше, соңғы үш жылда ЕАЭО елдерінің басым бөлігінде ақша массасы тұрақты өскен. Жалғыз ерекшелік – Ресей. Бұл елде қолма-қол ақша көлемі кей тоқсандарда азайып отырған. 2024 жылдың II тоқсанында Ресейдегі ақша массасы 194,8 млрд доллармен шекті көрсеткішке жеткен, ал кейінгі тоқсандарда бұл көлем тұрақты түрде төмендеген. Үш жыл бұрынғы деңгеймен салыстырғанда айналымдағы қолма-қол ақша едәуір аз.

Қазақстанда 2024 жылы айналымдағы ақша көлемі 8 млрд доллардан асқан. 2022 жылы бұл көрсеткіш 7,2–7,8 млрд доллар аралығында болған. Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов экономикаға шамадан тыс ақша құйылуы тәуекел туғызатынын атап өткен.

Қырғызстанда да көрсеткіш өсім көрсетіп, үш жылда 14–33 пайыз аралығында ұлғайған. Армения мен Беларусьте де айналымдағы қолма-қол айтарлықтай көбейген.

Конгресс кезінде Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Ораз Жандосов ЕАЭО елдерінің ішінде инфляция нысаналы деңгейінен ең көп ауытқыған ел – Қазақстан екенін айтты. Ол экономикалық өсім жоғары болғанымен, халықтың нақты жалақысы төмендеп, инфляцияның үдей түсуі елдегі жағдайды күрделендіріп отырғанын атап өтті.

Бұған қоса, Қазақстан Ресейден «импортталатын инфляцияға» тап болып отырғаны да айтылған. Бұл ішкі сұраныстың жоғары болуына әсер етіп отыр.
 

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.