homepage
Фото: Ақорда

Орталық Азия басшылары консультативтік кездесуде жаңа стратегиялық құжаттарға қол қойды

16.11.2025, 14:06

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінде бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Кездесу қорытындысы бойынша мына құжаттар қабылданды:

1. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемесі;

2. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 2027-2028 жылдар аралығында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қырғыз Республикасының кандидатурасын ұсыну бойынша БҰҰ-ға мүше елдерге үндеуі;

3. Әзербайжанды Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінің толық құқылы қатысушысы деп тану туралы шешім.

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бірлескен мәлімдемесіне сәйкес мынадай құжаттар қабылданды:

1. Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік, тұрақтылық және орнықты даму тұжырымдамасы;

2. Орталық Азиядағы қауіпсіздік тәуекелдері мен олардың алдын алудың 2026-2028 жылдарға арналған тізбесі.