homepage
Фото: Juzmedia.kz

Петропавл қалалық әкімдігі 340 млн теңгеге үй сатып алмақ

15.11.2025, 14:02

Петропавл қалалық әкімдігі 340 млн теңгеге 2 жер үй сатып алмақ. Мемлекеттік сатып алу сайтында  екі лот жарияланды.

Сауда шартына сәйкес әрқайсысының жер учаскесі болуы және баспананың жалпы ауданы 200 шаршы метрден кем болмауы тиіс.

«Жер учаскесі мен ғимараттары бар 217 ш.м. - ден 217.5 ш. м. - ге дейінгі тұрғын үй сатып алу. Бөлмелер саны 5, қабат 2. Тұрғын үй 2012 жылдан ерте салынбаған. Тұрғын үй әрлеумен, төбенің биіктігі кемінде 2,5 м, жөндеуді қажет етпейтін, қанағаттанарлық санитарлық-техникалық жай-күйі, қалыпты тіршілікпен қамтамасыз етілуі, орталық жылумен, сумен жабдықтаумен, электрмен жабдықтаумен, Коммуналдық қызметтерге және басқа да қызметтерге абоненттік берешегі жоқ болуы тиіс, салық берешегі болмауы тиіс», - делінген. 

Екінші лотта да осыған ұқсас шарттар көрсетілген. Есептесіңіз, бір үйдің шаршы метрінің құны шашамен 750-800 мың теңге аралығында.  Бұл нарықтағы бағадан әлдеқайда қымбат. 


«Жер учаскесі мен ғимараттары бар 217 ш.м. - ден 217.5 ш. м. - ге дейінгі тұрғын үй сатып алу. Бөлмелер саны 5, қабат 2. Тұрғын үй 2012 жылдан ерте салынбаған», - делінген екінші лотта.

Былтыр да жыл соңында қалалық әкімдік жариялаған мемлекеттік сатып алу төңірегінде үлкен дау туған еді. Мемлекеттік орган шаһарда орналасқан екі мұнараны Жаңа жыл мерекесіне орай безендіру үшін 230 млн теңге жұмсамақ болып, бір көзден сатып алу жариялаған болатын.