homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Ауыл шаруашылығында ет, сүт және жұмыртқа өндірісі артты

15.11.2025, 16:07

Қазақстанда қаңтар-қазан айларында ет, сүт және жұмыртқа өндірісі өткен жылмен салыстырғанда жоғарылағаны байқалды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, он айда 914 мың тонна мал мен құс (сөндірілген салмақта) өндірілді. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,8 пайызға көп. Оның ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 406,2 мың тонна ет өндірген (+2%), халық шаруашылықтарында 345,4 мың тонна (+2,2%), фермерлік және жеке қожалықтарда 162,3 мың тонна (+6,3%) тіркелді.

Ең жоғары көрсеткіш Алматы облысында – 145 мың тонна (-0,2%), Ақмола облысында – 116,3 мың тонна (+4,7%), Түркістан облысында – 97,2 мың тонна (+5,2%), ШҚО-да – 85,2 мың тонна (+0,1%), Абай облысында – 63,7 мың тонна (+6,9%) байқалды.

Сиыр сүтінің өндірісі де артты. Он айда 3,2 млн тонна сүт сауылған (+5,2%). Оның 2 млн тоннасы халық шаруашылықтарына тиесілі (+4,5%). Фермерлік қожалықтар мен жеке кәсіпкерлер 632,2 мың тонна (+3,2%), ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 628,5 мың тонна (+10%) өндірген.

Өңірлер арасында сүт өндіруде Түркістан облысы алда – 427,8 мың тонна (+10,4%). СҚО – 334,9 мың тонна (+2,5%), Абай облысы – 275,2 мың тонна (+6,2%), Алматы облысы – 265,5 мың тонна (+5,4%), ШҚО – 213,1 мың тонна (+9,7%).

Жұмыртқа өндірісі 1,4 пайызға өсіп, 3,8 млрд данаға жетті. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 3,1 млрд дана жұмыртқа алған (+1,8%), фермерлік және жеке қожалықтар – 32,8 млн дана (+1,7 есе). Ал халық шаруашылықтарында керісінше 2,4 пайыз төмендеп, 602 млн дана жұмыртқа алынған.

Жетекші өңірлердің көбінде өндіріс азайған: Ақмола облысы – 573,6 млн дана (-1,4%), Қарағанды облысы – 516 млн (-2,1%), Алматы облысы – 412,8 млн (-3,4%), Қостанай облысы – 319,2 млн (-2,3%). Тек Солтүстік Қазақстан облысында өсім тіркелді – 530 млн дана (+5,1%).

Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігі шетелден жұмыртқа әкелуге тыйым салғаны және экспорт көлемінің бірнеше есе азайғаны хабарланған болатын.