homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

АҚШ КҚК, Қашаған және ТШО-ға LUKOIL және «Роснефть» компанияларымен операция жүргізуге рұқсат берді

15.11.2025, 11:32

АҚШ Қаржы министрлігінің Шетел активтерін бақылау басқармасы (OFAC) Каспий құбыр консорциумына (КТК), Қарашығанақ жобасына және «Теңізшевройлға» LUKOIL мен «Роснефть» компанияларымен операциялар жүргізуге лицензия берді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

АҚШ берілген лицензия осы ұйымдарға аталған ресейлік компаниялармен транзакциялар жасауға мүмкіндік беретінін мәлімдегенімен, құжат жобалардағы үлестерді сату, беру немесе басқа жолмен иеліктен шығару құқығын қамтымайды. Бұдан бөлек, OFAC тағы бір лицензия шығарған: ол 13 желтоқсанға дейін LUKOIL-дың халықаралық активтерін сатуға байланысты операцияларды жүргізуге рұқсат береді.

Бұған дейін Reuters өз дереккөздеріне сүйеніп, «ҚазМұнайГаздың» LUKOIL-дың Қазақстандағы активтерін сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлаған.
 

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.