Қазақстандық теннисші Эр-Риядтағы WTA Finals турнирінде топ жарып, 5,235 млн доллар көлеміндегі жүлдені иеленді. Бұл – теннис тарихындағы ең үлкен жүлде хабарлайды Juzmedia.kz.
Guinness World Records мәліметінше, мұндай көлемдегі жүлдені бұған дейін ерлер де, әйелдер де ешбір теннисші алмаған.
Салыстыру үшін: бұрынғы рекорд — 5 млн доллар, ол 2025 жылғы US Open турнирінде Арина Соболенко мен Карлос Алькарасқа тиесілі болған.
Елена Рыбакина жанкүйерлеріне жолдаған алғысында:
«Қазақстан атынан өнер көрсеткеніме, сіздерге қуаныш пен жеңіс сыйлай алғаныма қуаныштымын», — деді.