Қазақстан үкіметі арнайы салық режимінен шығарылатын қызмет түрлерінің тізімін бекітті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
"Атамекен" ұлттық палатасының мәліметінше, құжатқа 44 негізгі санат енгізіліп, олар 185 нақты ОКЭД түрі бойынша детальданған. Тізімге мемлекет қатаң реттейтін немесе маржасы жоғары салалар кірді.
АСР қолдана алмайтын негізгі бағыттар:
• қаржы, сақтандыру және делдалдық қызметтер: банктер, ломбардтар, сақтандыру агенттері мен брокерлер;
• акциздік тауарларды өндіру және көтерме сату: алкоголь, темекі, бензин, дизель, мазут (розницадағы сұйытылған газдан басқа);
• консалтинг, маркетинг, бухгалтерлік есеп, аудит, адвокаттық және нотариаттық қызметтер;
• тұрғын және коммерциялық жылжымайтын мүлік құрылысы, жобалау және көппәтерлі үйлерді сату;
• барлық пайдалы қазбаларды өндіру (старательстводан басқа), түсті және қара металл сынықтары айналымы;
• сауда базарлары мен 1–3 санаттағы стационарлық нысандарды субарендаға беру. 4–5 санаттағы, ауданы 200 шаршы метрден аспайтын нысандар — тыйымға кірмейді.
"Атамекен" бұл тізімге түскен бизнес субъектілеріне 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей белгіленген салық тәртібіне алдын ала дайындалуды ұсынады. Жаңа режимде ҚҚС ставкасы — 16%, ал тіркеу шегі — 20 мың АЕК болады.
Ұлттық палата компанияларға аудит жүргізіп, режим ауысуын айыппұлсыз әрі қиындықсыз өткізуге кеңес береді.
Басқа қызмет түрлері арнайы салық режимінде жұмысын жалғастыра алады. Сонымен қатар, "Атамекен" жеңілдетілген декларациямен жұмыс істейтіндер үшін шегерімдерге қатысты шектеулерді де ескеруге шақырды.