Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын инфрақұрылымдық және реттеушілік тұрғыда кешенді жаңарту басталады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Келесі жылы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына кешенді реформа жасалады. Бұл туралы XIII Қаржыгерлер конгресінде Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Оның айтуынша, өзгерістер нарықтың инфрақұрылымдық, реттеушілік және басқа да бөліктерін қамтиды. Ұлттық банк МФЦА тәжірибесін ел заңнамасына бейімдеп енгізуді жоспарлап отыр.
Сүлейменов келесі жылы цифрландыру қаржы саласының негізгі бағыты болатынын атап өтті. Жыл соңына дейін мемлекеттік цифрлық активтер қоры – ұлттық крипторезерв іске қосылады. Сонымен қатар, цифрлық резервтерді кастодиалдық сақтау жүйесі құрылып жатыр. Ол бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі базасында жұмыс істемек.
Одан кейінгі қадам – деректер экономикасына өту. Қазір деректер фабрикасы іске қосылған. Жасанды интеллект негізіндегі антифрод құралдары, валюталық мониторингтің цифрлық талдаушылары, инвестициялық шешімдерге арналған ИИ-агенттер және ақша-несие саясатын талдайтын жүйелер енгізіліп жатыр.
ҰБ басшысы қаржы заңнамасындағы реформалар цифрлық қаржы құралдарымен толық үйлестірілетінін айтты. Оның мәлімдеуінше, келесі жылы бағалы қағаздар нарығының рөлі – цифрлық және дәстүрлі сегменттер бойынша – макродеңгейде кеңейеді.
Бұған дейін мемлекеттік цифрлық активтер қоры 2025 жылдың соңына қарай толық іске қосылатыны хабарланған.