homepage
Фото: Zakon.kz коллажы

Украина Ресеймен бейбіт келіссөздерді тоқтатты

13.11.2025, 15:02

Украина Ресеймен жүргізілген бейбіт келіссөздерден ресми түрде шықты. Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Кислица келіссөздердің еш нәтиже бермегенін және ресейлік делегациямен мазмұнды диалог жүргізу мүмкін болмағанын айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Кислица Мәскеу өкілдері келіссөз үстінде әдейі арандатып, украин делегациясын эмоциялық реакцияға итермелеуге тырысқанын жеткізді. Оның сөзінше, Ресей осы арқылы келіссөздің бұзылуына Киевті кінәлі етіп көрсетуді көздеген.

Сонымен бірге ол Ресей атысты тоқтату туралы қандай да бір нұсқаны талқылаудан бас тартқанын айтты. Мәскеу делегациясы тек қаза тапқандардың денесін эвакуациялау үшін екі сағаттық атысты тоқтату режиміне ғана келісім білдірген.

Украина мен Ресей бұған дейін Ыстанбұлда үш рет тікелей келіссөз өткізген.