homepage
Фото: Canva

АҚШ-тағы ең ұзаққа созылған үкіметтік тоқырау аяқталды

13.11.2025, 09:02

Сәрсенбі кешінде АҚШ Өкілдер палатасы бюджет жобасын мақұлдап, 42 күнге созылған үкімет жұмысының үзілісіне нүкте қойды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Құжатты 222 депутат қолдады. Бұған дейін жобаны Сенат та қабылдаған.

Өкілдер палатасында мақұлданғаннан кейін бюджетке АҚШ президенті Дональд Трамп қол қоюы тиіс. Сол сәттен бастап федералды үкіметтің жұмысы ресми түрде қайта іске қосылады.