homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстаннан мұнай өнімдерін сыртқа шығаруға салынған тыйым тағы жарты жылға ұзартылды

12.11.2025, 14:37

Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» жаңа бұйрық жариялады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Құжатқа сәйкес, 2025 жылдың 20 қарашасынан бастап 2026 жылдың 20 мамырына дейін ел аумағынан, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің бірқатар түрін автомобиль көлігімен сыртқа шығаруға тыйым салынады. Бұл шектеу алты ай мерзімге енгізіліп отыр.

Сонымен қатар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 маусымына дейін Қазақстан аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс елдерге жеңіл дистилляттар, авиакеросин, дизель отыны, газойль, толуол және мұнай битумын экспорттауға жарты жылға шектеу қойылады.

Министрлік мұндай шара ел ішіндегі жанармай тапшылығын болдырмау және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын мәлімдеді.