Түркия Қорғаныс министрлігі Грузия аумағында болған ұшақ апатынан 20 әскери қызметкердің қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Министрліктің мәліметінше, C-130 әскери-транспорттық ұшағы Әзербайжаннан ұшып шығып, Грузия мен Әзербайжан шекарасы маңында апатқа ұшырады. Қазір апат орнында іздестіру және құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Грузияның Ішкі істер министрлігі оқиға бойынша тергеу бастағанын хабарлады.
Түркия тарапы қаза болғандардың туыстарына көңіл айтып, олардың аты-жөндері анықталып жатқанын мәлімдеді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне көңіл айтып, бауырлас елге қайғыға ортақ екенін білдірді.