homepage
Фото: Instagram

Хромтау ауданының әкімі Сағындық Шабықбаев қамауға алынды

12.11.2025, 10:28

Ақтөбе облысының Хромтау ауданының әкімі Сағындық Шабықбаев екі ай мерзімге қамауға алынды. Тиісті шешімді Хромтау аудандық соты қабылдаған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Соттың мәліметінше, бұлтартпау шарасы тергеу кезеңінде таңдалған. Қай бап бойынша іс қозғалғаны ресми жарияланбаған, алайда бұған дейін Сағындық Шабықбаевқа пара алу күдігі бойынша тергеу басталғаны хабарланды. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сағындық Шабықбаев 1985 жылы Қостанай облысының Қамысты ауылында туған. Ол 2008 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер мамандығын тәмамдаған. 2018 жылдан бастап Хромтау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, кейін әкім болып тағайындалды.