homepage

Цифрлық даму вице-министрі мен Қуандық Бишімбаевты не байланыстырады?

18.11.2024, 16:40

Мәжіліс кулуарында Қаныш Төлеушиннен журналистер «Астанадағы «Гастро орталықта» Салтанат Нүкенованың қайтыс болғанына бір жыл болды. Ол кезде сіз акционер құрамында болдыңыз. Қазір «Гастро орталықтың» меншік иесі болып саналасыз ба? Қуандық Бишімбаевтың отбасымен байланысыңыз бар ма?» деп сұрады. 

Ол бұрынғы Ұлттық экономика министрімен байланыста екенін және ортақ жобасы болғанын жасырмады. 

"Мен бизнестен мемлекеттік қызметке келдім. Сондықтан түрлі жобаға инвестиция салдым. Оның ішінде осы жоба да («Гастро орталық») бар. Қазір мен ол жерде құрылтайшы емеспін.

Қуандық Бишімбаевпен қандай байланысым бар? Екеуміз де «Болашақ» бағдарламасы түлегіміз. Сондықтан бір-бірімізге жобаларымыз туралы айтып, үнемі кездесіп тұрдық. «Болашақ» түлектері ретінде үнемі әңгімелесетінбіз. Бізді осы жағдай ғана байланыстырды. Сондықтан қайталап айтамын, жоғары айтылған нысанда қазір құрылтайшы емеспін. 

Мемлекеттік қызметке ауысуды жоспарладым. Сондықтан біз отбасы ретінде көптеген активті сатуға шығардық. Сондықтан (құрылтайшылар құрамынан шығу қайғылы оқиға) болғанға дейін жоспарда болды", - деді министрдің бірінші орынбасары.

Еске салайық, экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкеваның аса қатыгездікпен өлтіргені үшін 24 жылға сотталған еді.

Ал Төлеушин қазіргі қызметіне 2023 жылдың маусымында тағайындалған. 

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.