Осы жылдың тамыз айында Қазақстанда 10,7 мың электр автокөлігі тіркелді - бұл 2023 жылдың тамыз айынан 2,3 есе көп, деп хабарлайды Juzmedia ақпарат агенттігі Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
ӘЛЕМДЕ САТЫЛҒАН ӘРБІР ТӨРТІНШІ ЖАҢА КӨЛІК - ЭЛЕКТРОМОБИЛЬ
Өңірлік бөліністе мұндай машиналардың 58,8%-ы Алматыда тіркелді: 6,3 мың авто, жылдық өсім - 2,3 есе. Екінші және үшінші қатарда Астана (1,4 мың автомобиль) және Алматы облысы (552 авто) орналасқан. Ең аз электр көліктері Абай облысында тіркелді: барлығы 25 авто.
Бұл ретте елімізде дипломатиялық нөмірлері бар 125 электрлік автомобиль тіркелген - бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,6 есе көп.
Электр машиналары барған сайын танымал болып барады. Our world in data мәліметтері бойынша, 2023 жылы әлемде сатылған әрбір төртінші жаңа көлік электромобиль болды.
Бір қызығы, Норвегияда электр машиналары жаңа көліктердің барлық сатылымының 93%-ын құрады. Исландияда олардың үлесі 71%, Швецияда — 60%, Финляндияда — 54%, Данияда — 46% құрады.
Жалпы, 2023 жылы әлемде 13,8 млн электромобиль сатылды - 2022 жылмен салыстырғанда 35,3% - ға көп. Бұл ретте электр емес машиналардың сатылымы небәрі 0,3%-ға, 62,9 млн автомобильге дейін өсті.
ЭЛЕКТР КӨЛІКТЕРІН ЕҢ КӨП САТҚАН ЕЛДЕР
Ең көп электромобиль Қытайда сатылды: 8,1 миллион көлік. ТОП-5 құрамына АҚШ (1,4 млн электрокар), Германия (700 мың авто), Франция (470 мың электромобиль) және Ұлыбритания (450 мың машина) кірді.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.