Елде фармацевтикалық өнімдердің бағасы бір жыл ішінде едәуір қымбаттады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бюро ұлттық статистикасының дерегінше, 2025 жылдың қазан айында дәрі-дәрмектің орташа бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2%-ға өсті. Ең көп қымбаттаған препараттар қатарында белсендірілген көмір (+41,4%), парацетамол (+32,7%), корвалол (+27,4%), Канефрон (+26,5%), ацетилсалицил қышқылы (+25,6%) және Супрастин (+19,2%) бар.
Сонымен қатар, Ацикловир бағасы 13,9%-ға, Смекта – 13,6%-ға, Но-шпа – 13,5%-ға, этил спирті – 13,3%-ға, Омез – 12,8%-ға, Йодомарин – 11,9%-ға, Ксимелин – 11,6%-ға, ал Аквалор – 8,1%-ға қымбаттаған. Бағасы төмендеген жалғыз дәрі – Флемоксин Солютаб, оның құны 0,8%-ға арзандады.
Айлық динамика бойынша да өсім байқалады: 2025 жылдың қазанында, қыркүйекпен салыстырғанда, дәрі-дәрмек бағасы орта есеппен 2,8%-ға артқан. Бір ай ішінде парацетамолдың бағасы 17,3%-ға, белсендірілген көмір – 7,1%-ға, Йодомарин – 4,8%-ға, Ингавирин – 4,5%-ға, Канефрон – 3,5%-ға, корвалол – 3,2%-ға, ацетилсалицил қышқылы мен Смекта – 3%-ға қымбаттады.
Флемоксин Солютаб пен Энап бағасы керісінше төмендеп, сәйкесінше 2,3% және 1,4%-ға арзандады.