homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

ОМОН Астанада әскерде қаза болған сарбаздардың аналарын ұстады

11.11.2025, 12:12

Әскерде қаза тапқан ұлдарының өліміне әділ тергеу жүргізуді талап еткен аналарды Астанада ОМОН қызметкерлері ұстады, деп хабарлайды Juzmedia.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

10 қараша күні әйелдер Үкімет үйі алдында жеті сағат бойы наразылық білдіріп, суықта тұрған. Кейін олар автобус аялдамасына барған кезде арнайы жасақ келіп, бірнеше адамды ұстап әкеткен. Полиция бұл әрекетті «рұқсат етілмеген акция» деп сипаттады.

Оқиғадан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министріне әскерде қаза тапқан сарбаздардың істерін 12 күн ішінде қайта қарауды тапсырды.