Қазақстандықтар қаржылық операциялардың басым бөлігін онлайн форматта жүзеге асырып жүр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында елде банк карталары арқылы жалпы көлемі 155,4 трлн теңгеге операция жасалған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,7%-ға көп. Оның ішінде 135,2 трлн теңгесі немесе шамамен 87%-ы — қолма-қол ақша алмай жасалатын төлемдер.
Finprom.kz дерегінше, барлық карточкалық төлемдердің 70%-дан астамы интернет пен мобильді қосымшалар арқылы жүргізілген. Ал POS-терминалдар мен QR-код арқылы төлемдердің үлесі 20%-ға жуық. Қолма-қол ақша алу операцияларының көлемі 20,1 трлн теңгеге жеткен.
Аймақтар бойынша ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласына тиесілі — мұнда карталық төлемдердің 91%-ы есепшоттан онлайн жүргізілген. Ал ең төмен үлес Солтүстік Қазақстан (72,6%), Қостанай (77,3%) және Павлодар облыстарында тіркелген.
Мамандардың айтуынша, бұл үрдіс қазақстандықтардың цифрлық төлемдерге жаппай көшуімен және банктердің мобильді сервистерін кеңінен қолдануымен байланысты.