homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Павлодар мен Алматыда баспана айтарлықтай қымбаттады

10.11.2025, 14:44

Қазанда Қазақстан бойынша жаңа тұрғын үйдің бағасы 1 шаршы метрі үшін орта есеппен 555,1 мың теңгеге жетті. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткіштен 1%, ал былтырғы жылмен салыстырғанда 13,1 пайызға жоғары, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, жылдық өсім бойынша көшбасшы — Павлодар. Мұнда жаңа баспана 24,2 пайызға қымбаттап, 452,1 мың теңге болған.
Келесі орында — Қонаев (17,8%), Алматы (16,2%) және Шымкент (15,5%).
Астанада жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы 650,1 мың теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,7 пайызға көп.

Екінші нарықтағы тұрғын үй де бір жылда 11,6 пайызға қымбаттап, ел бойынша орташа 571,8 мың теңгеге жетті.
Бағаның ең жоғары өсімі Алматыда — 20,8%,
одан кейін Павлодар (17%) және Талдықорған (16,8%).
Астанада қайталама нарықтағы баспана 7,5%-ға, Шымкентте — 11,8%-ға қымбаттаған.

Пәтер жалдау ақысы да өскен: бір жылда ел бойынша 10,5%-ға, 1 шаршы метр үшін орта есеппен 4,8 мың теңгеге дейін көтерілді.
Ең көп өсім Ақтөбеде — 36,2%,
Павлодарда — 23,6%,
Семейде — 19,4%.
Астанада жалдау ақысы 20,1%-ға, Алматыда — 3,5%-ға, Шымкентте — 10,5%-ға артқан.

 

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.