Грузия соңғы тоғыз айда ірімшік пен сүзбе экспортын едәуір ұлғайтты. Ең ірі экспорттық бағыт – Қазақстан, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ресми дерекке сәйкес, 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында Грузия жалпы құны 1,3 миллион доллар болатын сүт өнімдерін экспорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,5% көп. Экспорт көлемі тоннамен есептегенде 41,1% өсіп, 175 тоннаға жеткен.
Сыр мен сүзбе экспортының негізгі бөлігі — 75%-дан астамы — Қазақстанға тиесілі. Біздің елге 141 тонна өнім, жалпы құны 984 мың доллар болған тауар жеткізілді.
Сонымен қатар грузин сүт өнімдері АҚШ, БАӘ, Армения және Канадаға да экспортталды.
Бұған қоса, елге сүт өнімдерінің импорты да артқан: өткен жылмен салыстырғанда 27,7%-ға өсті. Жалпы импорт көлемі **5 301 тоннаға жеткен (өткен жылы — 4 456 тонна).
Қыркүйек айында Грузия экспортының рекордтық өсімі тіркеліп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 43,8%-ға артқан. Жалпы алғанда, елдің сыртқы сауда айналымы 2025 жылдың тоғыз айында 9,1%-ға көбейген.