Шымкент қаласының прокуратурасы әлеуметтік төлемдердің заңдылығына жүргізген талдау барысында «У» есімді әйелдің қылмыстық әрекетін анықтады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Тергеу дерегінше, күдікті жеке кәсіпкерлердің электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, жүкті әйелдерді жалған түрде түрлі кәсіпорындарға жұмысқа орналастырған. Кейін олардың атына заңсыз әлеуметтік төлемдер рәсімдеп, бөлінген қаражатты өз пайдасына жаратқан.
Бұл әрекеттердің салдарынан мемлекетке 217 млн теңге көлемінде залал келтірді.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі (алаяқтық) бойынша іс қозғалып, материалдар Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.