homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстандықтарға ипотеканы зейнетақы жинағымен жабуға рұқсат етіледі

10.11.2025, 10:17

Қазақстан азаматтарына зейнетақы қорындағы артық жинақтарын пайдаланып, ипотекалық қарызын жабуға мүмкіндік берілмек. Бұл туралы Индустрия және құрылыс министрінің бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Құжатқа сәйкес, азаматтар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) қаражат есебінен баспана несиесінің негізгі қарызын өтей алады, ай сайынғы төлемді азайта немесе несие мерзімін қысқарта алады.

Министрлік бұл шара жаңа Салық кодексіне сәйкестендіру және банктер алдындағы қарыз жүктемесін азайту мақсатында қолға алынғанын атап өтті. Құжаттың қоғамдық талқылауы 21 қарашаға дейін жалғасады.

Бұған дейін Отбасы банк стоматологиялық қызметке зейнетақы жинақтарын пайдалану өтінімдерін қабылдауды тоқтатқан болатын. Сол кезде Қаржы мониторингі агенттігі азаматтардың 200 млрд теңгені жалған тіс емдеуге жұмсағанын мәлімдеген еді.

Кейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова зейнетақы қаражатын басқа ем түрлеріне пайдалану мәселесіне қатысты түсініктеме берген болатын.