Қазақстандық теннисші Эр-Риядта өткен WTA маусым қорытынды турнирінің финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңіп, маусымның басты атағын иеленді деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Рыбакина — 1972 жылы басталған бұл турнирді жеңіп алған Азия құрлығынан шыққан алғашқы спортшы атанды. Жеңімпаздың жүлдесі — рекордтық 5,2 миллион доллар. Ал жаңартылған әлемдік рейтингте ол 5-орынға көтеріледі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыны жеңісімен құттықтады. Енді Рыбакина теннисті дамытуға қосқан үлесі үшін «Барыс» орденінің III дәрежесімен марапатталады.