АҚШ әкімшілігінің мәліметінше, Қазақстан ресми түрде «Abraham Accords» келісіміне қосылмақ, деп хабарлайды Juzmedia.kz The New York Times-қа сілтеме жасап.
Бұл шешім Вашингтонда өткен Орталық Азия саммиті кезінде белгілі болды. Ақ үй өкілдерінің айтуынша, келісімге қосылу қадамы Дональд Трамп әкімшілігі кезінде басталған Таяу Шығыстағы бейбітшілік бастамасын жаңғыртуды көздейді.
«Abraham Accords» 2020 жылы АҚШ-тың араласуымен Израиль мен бірнеше араб елі — БАӘ, Бахрейн, Марокко және Судан арасында дипломатиялық қарым-қатынасты қалыпқа келтіру мақсатында қабылданған еді. Қазақстан бұл келісімге қосылған алғашқы Орталық Азия елі болмақ.
Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім Қазақстанның Израильмен және АҚШ-пен стратегиялық әріптестігін нығайтып, аймақтағы дипломатиялық рөлін күшейтеді. Сонымен қатар, технология, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларында жаңа бірлескен жобалардың пайда болуына жол ашуы мүмкін.
Қол қою рәсімінің нақты күні әзірге хабарланған жоқ.