Ыстанбұлдың Бас прокуратурасы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға және тағы 36 жоғары лауазымды израильдік шенеунікке қамауға алу ордерін шығарды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оларға Газа тұрғындарына қарсы жаппай қылмыс жасады деген айып тағылып отыр.
Тергеу материалдары куәгерлердің айғақтарын, фото және бейне дәлелдерді, сондай-ақ азаматтық нысандар мен ауруханаларға жасалған шабуылдарға қатысты деректерді қамтиды.
Израильдің Сыртқы істер министрлігі бұл шешімді Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның «пиар-науқаны» деп бағалады.