homepage
Фото: Facebook

Қазақ кинематографының өкілі әлемдік кинофестивалінің қазылар алқасында отырмақ

07.11.2025, 12:48

Қазақ журналисі, Куин Мери университетінің PhD докторы Әсия Бағдәулетқызы биыл Германияда өтетін әлемнің ең көне кинофорумдарының бірі – Мангейм-Гейдельберг халықаралық кинофестивалінің (Mannheim-Heidelberg International Film Festival) қазылар алқасы құрамына кірді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Фестиваль ұйымдастырушыларының хаты бойынша, Әсия Иссембердиева FIPRESCI (Халықаралық сыншылар қауымдастығы) атынан шақырылған. Мангейм-Гейдельберг фестивалі Германияның ең беделді мәдени шараларының бірі болып саналады және тәуелсіз авторлық киноға қолдау көрсетуімен белгілі. Қазылар құрамына қосылу – кәсіби мойындаудың ең жоғары деңгейі әрі мәдени дипломатия тұрғысынан зор мәртебе.

Фестиваль 2025 жылдың 6–16 қарашасы аралығында өтеді. Осы кезеңде Әсия Бағдәулетқызы әлемнің түрлі елінен келетін фильмдерді бағалап, халықаралық сарапшылармен бірге жеңімпаздарды анықтайды.