Шымкентте полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде лауазымды тұлғадан ақша бопсалаған блогер-журналист қолға түсті деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Тергеу мәліметінше, күдікті әкімдік қызметкерінен 10 миллион теңге сұрап, бұл ақшаға әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың беделін түсіретін материалдар жарияламауға уәде берген.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің тұрғылықты жерінен тінту жүргізіліп, электрондық құрылғылар мен өзге де айғақтар тәркіленді.
Қазіргі уақытта блогер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.