homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан мен OpenAI білім саласында әріптестік орнатты

07.11.2025, 10:36

Вашингтонда Қазақстанның Цифрлық даму және Ғылым министрліктері, «Қазақтелеком» АҚ, Freedom Holding Corp. және OpenAI компаниясы білім беру мен цифрлық дағдыларды дамытуға бағытталған меморандумға қол қойды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Келісім аясында қазақстандық мұғалімдер ChatGPT Edu жүйесіне қол жеткізеді. Бұл — білім беру ұйымдарына арналған ChatGPT-тің арнайы нұсқасы, ол OpenAI-дың ең жаңа модельдеріне негізделіп жасалған және жоғары қауіпсіздік, деректерді қорғау мен әкімшілік бақылау деңгейіне ие. ChatGPT Edu мұғалімдерге деректерді талдау, құжаттарды қысқаша мазмұндау және жеке GPT-ассистенттер құру сияқты мүмкіндіктер ұсынады. Бұл құрал ұстаздарға уақыт үнемдеп, әкімшілік жұмыстарды автоматтандыруға көмектеседі.

Меморандумға сәйкес, алдағы үш жыл ішінде қазақстандық педагогтарға жыл сайын кемінде 165 мың OpenAI лицензиясы берілмек.