homepage
Фото: Aqorda

Қазақстан мен АҚШ 17 миллиард долларлық келісімге қол қойды

07.11.2025, 09:18

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақ үйдегі кездесу барысында жалпы құны 17 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Ақорда мен LS порталы хабарлады, деп жазады Juzmedia.kz.

Кездесу кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың “TRIPP — Трамптың халықаралық бейбітшілік пен өркендеу маршруты” бастамасын қолдайтынын айтты. Оның пікірінше, бұл жоба Орта дәліздің дамуына жаңа серпін беруі мүмкін. Дональд Трамп өз кезегінде АҚШ-тың Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейілді екенін жеткізді.

Ақорда таратқан хабарламада екі ел көшбасшыларының кездесуі нәтижесінде энергетика, көлік, өнеркәсіп және жоғары технология салаларында ірі келісімдерге қол қойылғаны көрсетілген. Сонымен қатар, Дональд Трамп алдағы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келу мүмкіндігін де жоққа шығармады.