Қазақстан Арменияға бидай жеткізуді қайта жандандырды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Ұлттық астық операторы Азербайжан аумағы арқылы транзитке қойылған шектеулер алынғаннан кейін алғашқы бидай партиясын жөнелтті деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл оқиға 30 жыл ішінде алғаш рет жүзеге асып отыр. Мұндай мүмкіндік Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің келіссөздерінің нәтижесінде пайда болды.
6 қарашада 15 вагоннан тұратын пойыз Әзірбайжан шекарасынан өтіп, алдағы күндері Арменияның «Даларик» станциясына жетеді. Осылайша екі ел арасында жаңа теміржол бағыты ашылды.
Биыл Қазақстаннан астық Армениядан бөлек тағы 24 елге экспортталды. Ең ірі жеткізілімдер (150 мың тоннадан астам) Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Алжир, Ауғанстан, Италия және Мароккоға бағытталды.
Сондай-ақ, сатып алушылар қатарында Ресей, Түрікменстан, Бельгия, Вьетнам, Грузия, Дания, Мысыр, Ирак, Иран, Қытай, Латвия, Нидерланд, Норвегия, БАӘ, Польша және Португалия бар.
2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында Қазақстан шетелге жалпы 4,8 млн тонна астық экспорттаған. Экспорт көлемі $990,2 млн болып, былтырғы көрсеткіштен 1,5 есе көп болған.