Филиппиндердің орталық өңірлерінде соққан «Калмеэги» тайфуны салдарынан кемінде 114 адам қаза тапты, тағы 127 адам із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Табиғи апат ең қатты Себу провинциясын және оған жақын аралдарды қамтыды. Мыңдаған үй қирап, инфрақұрылым зақымданды. Дауыл кезінде су тасқыны мен көшкін жүрді.
Қазір «Калмеэги» Солтүстік Қытай теңізіне өтіп, Вьетнамға қарай бет алды. Мамандардың болжауынша, дауыл Вьетнам жағалауына жеткенше қайта күшейіп, солтүстік және орталық өңірлерде эвакуация жариялануы мүмкін.
Филиппин билігі биылдың өзінде 20-дан астам дауыл соққанын мәлімдеп, елдің климаттық апаттарға бейімділігі артып отырғанын атап өтті.