Ресей президенті Владимир Путин Сыртқы істер министрлігіне, Қорғаныс министрлігіне, арнайы қызметтер мен өзге де азаматтық ведомстволарға ядролық қару сынақтарына дайындық мәселесін талдап, оның мүмкін басталуына қатысты ұсыныстар дайындауды тапсырды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Путиннің айтуынша, Ресей бұрын да, қазір де Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттағы міндеттемелерін қатаң сақтап келеді және олардан бас тарту жоспары жоқ. Алайда, егер АҚШ немесе өзге де қатысушы елдер сынақтар өткізсе, Ресей де «тиісті жауап шараларын» қабылдауы тиіс екенін ескертті.
Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков бұл тапсырма сынақтарды нақты бастау туралы шешім емес, тек ақпарат жинау мен талдау жүргізу және Қауіпсіздік кеңесіне ұсыныс енгізу екенін түсіндірді. Сарапшылардың пікірінше, ядролық сынақтардың қайта басталуы жаһандық шиеленісті күшейтуі мүмкін.