homepage
Фото: Getty Images

АҚШ-тағы жергілікті сайлаулар Трамп саясатына алғашқы сынақ болды

05.11.2025, 15:33

АҚШ-та өткен Нью-Йорк, Виргиния және Нью-Джерси штаттарындағы сайлауларда демократтар басым түсті. Бұл Дональд Трамптың президенттікке қайта оралғаннан кейінгі алғашқы саяси сынақ ретінде қаралды, деп хабарлайды Juzmedia.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Нью-Йоркте қала мэрі болып Зохран Мамдани, Виргинияда губернатор лауазымына Абигейл Спанбергер, ал Нью-Джерсиде Мики Шерилл сайланды. Үшеуі де демократиялық партияның өкілдері. Сарапшылар бұл нәтижені Трамп әкімшілігінің алғашқы айларындағы саясатқа қоғамның реакциясы ретінде бағалап отыр.

Мамандардың айтуынша, сайлау барысында негізгі назар инфляция мен тұрмыс бағасының өсуіне, яғни экономика мәселелеріне түсті. Ал бұл тақырыптар Трамптың экономикалық күн тәртібіндегі басты бағыттардың бірі саналады. Дегенмен, сайлаулар демократтар басым өңірлерде өткендіктен, ол елдегі жалпы саяси көңіл-күйді толық көрсетпейді.

Reuters мәліметінше, бұл сайлаулар 2026 жылғы Конгреске сайлау алдындағы қоғамдық пікірдің алғашқы нышанын көрсетті.