Қазақстанның мұнай компаниялары биыл мемлекетке қосымша миллиардтаған теңге аударды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп жазады Juzmedia.kz.
Комитеттің дерегінше, жыл басынан бері мұнай саласында жұмыс істейтін жер қойнауын пайдаланушылардан Ұлттық қорға қосымша 22,5 миллиард теңге түсті. Сонымен қатар алты тексеріс жүргізіліп, соның нәтижесінде 36 миллиард теңге көлемінде салық есептелді. Оның 1,6 миллиарды мемлекет қазынасына қайтарылды.
Бұған дейін хабарланғандай, 2025 жылдың басынан бері мұнай-газ секторынан ел қорына шамамен 5 триллион теңге түсті.