Бүгін, яғни 17 қарашада таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатыры өртеніп, артынша опырылып құлаған. Соның салдарынан үйдің ішінде болған 4 бала қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, балалардың ең кішісі екі жаста болған.
«Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін 6 минутта жеткенде ашық жануды байқаған. Өрт алдын ала 500 шаршы метр алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілді.
Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылдары туған төрт бала қаза тапты», - делінген хабарламада.

ӨРТ НЕДЕН ШЫҚҚАН
Қазіргі кезде өрттің себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
«Оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде, қаза тапқандардың жақындарына Апаттар медицинасы орталығының және Астана қаласы ТЖД психологтары көмек көрсетуде», - делінген хабарламада.