homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстаннан шетелге ақша аударымдары артты

05.11.2025, 11:31

2025 жылдың қыркүйегінде қазақстандықтар шетелге 71,6 миллиард теңге аударған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 12,2 пайызға көп. Мұндай деректі Ұлттық банктің статистикасы келтіреді жеп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ең көп қаражат Өзбекстанға бағытталған – 25 миллиард теңге (+9,6%). Одан кейін Ресей – 20,3 миллиард теңге (+1,4 есе), Түркия – 11,3 миллиард теңге (-13%), Грузия – 4,2 миллиард теңге (+10,5%) және Қырғызстан – 2,4 миллиард теңге.

Ал Қазақстанға келіп түскен ақша аударымдарының көлемі де өсті. Бір жыл ішінде ол 18,5 миллиард теңгеден 20,4 миллиард теңгеге дейін артты (+10,3%).

Негізгі қаражат Ресейден түскен – 4,7 миллиард теңге (+6,8%). Сондай-ақ аударымдар көлемі АҚШ-тан 2,7-ден 3 миллиард теңгеге дейін (+11,1%) және Өзбекстаннан 1,9-дан 2,6 миллиард теңгеге дейін (+1,3 есе) өсті.

Қыркүйекте Қазақстанға ең көп ақша аударымдары Түркиядан (2,5 млрд теңге), Германиядан (1,6 млрд теңге) және Оңтүстік Кореядан (1,2 млрд теңге) түсті.

Бұған дейін Қаржы министрлігі қазақстандықтардың мобильді аударымдарына қатысты жаңа бақылау тетігін әзірлеп жатқанын хабарлаған еді.