Келесі жылдан бастап Астана мен Алматы мектептерінде жүзу сабағы пилоттық жоба ретінде оқытыла бастайды. Кейін бұл тәжірибе кезең-кезеңімен бүкіл ел бойынша енгізіледі, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы Үкімет отырысында Qazaq Aquatics федерациясының бас хатшысы, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин мәлімдеді. Оның айтуынша, Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, жүзуді мектеп бағдарламасының тұрақты бөлігі ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Баландиннің сөзінше, бастама АҚШ, Аустралия және Венгрия тәжірибесіне сүйенеді. Бұл елдерде балаларды мектеп жүйесінде жүзуге міндетті түрде үйрету ұзақ жылдардан бері сәтті жүзеге асып келеді. Жоба балалардың қауіпсіздік дағдыларын ерте қалыптастырып, спортты салауатты өмір салтының ажырамас бөлігіне айналдыруға мүмкіндік береді.