Қазақстанда утиль алымнан жиналатын қаражат енді жаңа бағыттарға бөлінбек. Үкімет жоспарына сәйкес, бұл қаржы орман өртімен күрес, қалдықтарды өңдеу және коммуналдық техниканы жаңартуға бағытталады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
«Жасыл даму» операторы арқылы жиналған қаражаттың бір бөлігі аймақтардағы коммуналдық қызметтерге қажет техника алуға жұмсалады. Оның ішінде қоқыс жинау, тасымалдау, сұрыптау және өңдеу машиналары, сондай-ақ автобустар мен арнайы техника бар. Бұдан бөлек, орман шаруашылығына арналған өрт сөндіру және патрульдік көліктер сатып алу қарастырылды.
Қаржы бөлу үлесі бойынша 40 пайызы – «Жасыл даму» операторы арқылы, 60 пайызы – «Бәйтерек» холдингі арқылы жүзеге асады. Қайтарымды несие жылдық 12,6 пайыз мөлшерлемемен беріледі.
Жалпы алғанда, утильалымнан түсетін қаражат экологиялық инфрақұрылымды күшейтуге және өңірлердегі коммуналдық техниканы жаңартуға бағытталып отыр.