homepage

Қостанай облысында балық аулауға кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Juzmedia. kz
17.11.2024, 13:11

Қостанай облысында бір күн бұрын балық аулауға кетіп, сол күйі оралмаған жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

облыстың Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«Қарабалық ауданында 16 қарашада сағат 16:30 шамасында 2011 жылы туған жасөспірім үйінен шығып, Тоғызақ өзеніне балық аулауға кеткен. Алайда жасөспірім сол күйі оралмаған. Оны іздеуге құтқарушылар, полиция қызметкерлері, ерікті азаматтар жұмылды.

Алайда құтқарушылар мен еріктілердің жедел әрекетіне қарамастан, қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері баланың денесін су бетіне шығарды», - делінген хабарламада.

Қостанай облыстық ТЖД марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады, құтқарушылар балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек екенін, кәмелетке толмағандарды ересектердің қарауынсыз қалдыруға болмайтынын еске салады.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.