Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамынша, елімізде сиыр еті бағасы Жаңа жыл мерекелеріне дейін тұрақты деңгейде сақталады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Министр Айдарбек Сапаровтың айтуынша, еттің нарықтағы бағасы қазір тұрақталып, алдағы уақытта айтарлықтай өзгеріс күтілмейді. Бұған дейін бағаның қысқа мерзімді өсуі сыртқы нарықтағы жоғары сұраныспен байланысты болған, алайда қазіргі жағдайда жағдай қалыпқа түсті.
Қазіргі кезде сиыр етінің орташа бағасы килограмына 3,2–3,6 мың теңге шамасында, ал премиум санаттағы ет 5 мың теңгеге дейін сатылады. Министрлік мәліметінше, тірі мал экспорты тоқтатылған, ал ет экспорты квотамен реттеліп отыр. Бұл шаралар ішкі нарықта бағаның өсуіне жол бермеуі тиіс.