Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде көктемгі егіс және күзгі орақ жұмыстарын дер кезінде өткізуге барлық жағдай жасалғанын айтты деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оның мәліметінше, жеңілдетілген қаржыландыру көлемі, соның ішінде лизингті қоса алғанда, 1 триллион теңгеге дейін жеткізілген. Бұл — ауыл шаруашылығы саласы үшін бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш.
Аграрлар тұқыммен, тыңайтқышпен және жанармаймен толық қамтамасыз етілген.
«Ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне еңбегі мен табандылығы үшін алғыс айтамын. Жақсы өнімнің кепілі – тек жағдай мен ауа райы емес, агротехнологияны қатаң сақтау. Дұрыс технологияны қолданғанда ғана жоғары өнім алып, отандық өнімнің экспорттағы бәсекеге қабілеттілігін арттыра аламыз», – деді Бектенов.