homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Елімізде 14 жаңа стадион салынады

04.11.2025, 12:17

Үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстанда 1 694 футбол алаңы қажет екенін мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Президенттің тапсырмасымен облыс орталықтарында демеушілердің қаражаты есебінен жаңа стадиондар салынып, ескілері жаңартылып жатыр. Қызылордада 11 мың көрерменге арналған, УЕФА талаптарына сай жаңа стадион пайдалануға берілді. Ал Астанада 3 600 орындық нысанның құрылысы жүріп жатыр.

Министрдің айтуынша, елімізде 14 жаңа стадион салу жоспарланған, олардың 10-ы бойынша жобалық құжаттар дайындалған. Бұған қоса, 7 стадионды қайта жаңарту жұмыстары қолға алынбақ.

Қазіргі таңда ел бойынша 7 432 футбол алаңы бар, оның 1 420-сы жөндеуді қажет етеді. Қосымша қажеттілік – 1 694 алаң. Осы мақсатта министрлік балалар футбол алаңдарын салу жоспарын бекіткен.

Жергілікті бюджет пен жеке инвестициялар есебінен бүгінде 685 жоба іске асырылып жатыр, – деді министр.