Қаржы мониторингі агенттігі «Үміт Самғау» атты қаржы пирамидасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр деп Juzmedia.kz.
Компания өз қызметін жалғызбасты аналарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсететін қайырымдылық жоба ретінде таныстырды.
Агенттіктің мәліметінше, қатысушыларға төлемдер нақты кәсіпкерлік қызмет есебінен емес, жаңа салымшылардың ақшасынан төленіп отырған. Қылмыстық схемаға ұйымдастырушының туыстары мен таныстары «дроппер» ретінде тартылған.
Пирамиданың қызметіне 400-ден астам адам қатысқан. Жиналған жалпы сома 100 миллион теңгеден асқан.
Сот санкциясымен күдіктінің пәтері мен автокөлігіне тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр.